ЕЛІМІЗДЕ ҚАУІПСІЗДІК САБАҚТАРЫ ЕНГІЗІЛЕДІ

Авторы: Qyzyljar News

Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Президентке бір жыл ішінде балалардың құқықтарын қорғау және қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында атқарылған жұмыстар жөнінде есеп берді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz
Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева қазір аталған заңнамалық нормаларды нақты жүзеге асыру үшін белсенді жұмыс жүргізіліп жатқанын айтты.
«111» бірыңғай байланыс жүйесі іске қосылды. Сондай-ақ мектептерде буллингпен күресу үшін КiVa бағдарламасы және 2024 жылдың қыркүйек айынан бастап қауіпсіздік сабақтары енгізіледі», – деді ол.
Динара Зәкиеваның айтуынша, балаларға арналған медициналық-әлеуметтік мекемелердің қызметкерлері үшін арнайы оқу курсы басталады, қорғаншылық және қамқоршылық органдарын күшейту мәселесі пысықталып жатыр. Сонымен қатар «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат, «Қазақстан халқына» және «Қамқорлық» қорларымен серіктестік негізде 6 аутизм орталығы, 11 өңірлік оңалту орталығы ашылды.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz