Суару маусымы басталғалы бері 12 мыңға жуық шаруаға 2 млрд текше метр су берілген. Қазіргі уақытта вегетация кезеңі штаттық кестеге сәйкес өтіп жатыр, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.
Су ресурстары және ирригация министрлігінің мәліметінше, «Қазсушар» мекемесі биыл 790 мың гектардан астам ауылшаруашылық алқабын суаруға 12 млрд текше метр су жіберуді жоспарлап отыр. Оның ішінде 7,3 млрд текше метрі оңтүстік өңірдің егістіктеріне жұмсалады.
Кәсіпорын филиалдары биыл егіншілермен су беру бойынша 18758 келісімшарт жасаған, бұл – былтырғыдан 32%-ға артық.
Суару маусымына дайындық шеңберінде 83 гидробекет қалпына келтірілген. Сонымен қатар 775 гидробекет аттестациядан өтті.