Тараз қаласында Қазақстанда атом электр станциясын (АЭС) салу жоспарлары бойынша жария талқылау өтті, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.
Жария талқылауға облыстық және Тараз қалалық қоғамдық кеңестің, ардагерлер кеңесінің мүшелері, саяси партиялар филиалдарының төрағалары, облыстық және Тараз қалалық мәслихат депутаттары, үкіметтік емес ұйым және БАҚ өкілдері, этномәдени бірлестік басшылары, белсенді жастар, өңірлік университеттердің ғалымдары мен студенттері, энергетика саласының мамандары шақырылды.
АЭС салу мәселесі бойынша жұртшылықтың ұстанымын анықтау мақсатында өткізілген кездесу аясында тұрғындар жан-жақты пікір айтып қана қоймай, атом энергетикасы туралы толығырақ түсінік алуға, мамандарға сұрақтар қоюға мүмкіндік алды.