Талапкерлердің жартысынан көбі қазақ тілінде тест тапсырды

Авторы: Qyzyljar News

 

 

Негізгі ұлттық бірыңғай тестілеудің аралық қорытындылары шықты. Ұлттық тестілеу орталығының хабарлауынша, осы ҰБТ басталғаннан бері 164 мың рет тест тапсырылды. 266 талапкер 130 балдан жоғары нәтиже көрсетті, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.

Орталықтың дерегіне сүйен­сек, осыған дейін негізгі ҰБТ-ны тапсырған талапкерлердің 74%-ы қазақ тілінде, 26%-ы орыс тілінде, 115 адам ағылшын тілінде тестілеуден өтті. Тестілеу басталғалы шекті балды 76% талапкер жинады. Орташа балға келетін болсақ, бұл әзірге 68 балды құрады. Ең жоғары балл – 138.

Бүгінгі таңда 315 ереже бұзу фактісі анықталды. Оның ішінде 219 талапкер смартфон, шпаргалка және басқа да ты­йым салынған заттарды алып өту әрекеті салдарынан тест тапсыру мүмкіндігінен айырылды. Тестілеу кезінде ережелерді бұзғаны үшін аудиториядан 89 адам шығарылып, олардың нәтижелері жойылды. Бейнежазбаларды тексеруден соң, ереже бұзған 7 адам­ның нәтижесі жойылды.

 

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz