Дәрігерлер 20 жасар жігітті аман алып қалды

Авторы: Qyzyljar News

 

Ақжар ауданында жұмыс істеп жүрген 20 жастағы жігіттің үстіне балшық құлап кетті. Көрер жарығы бар екен, ауруханаға ауыр халде түскен зардап шегушіні дәрігерлер аман алып қалды,  деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.

Оқиға 11 маусым күні болған. Ақжар аудандық ауруханасының мамандары  облыстық көпбейінді ауруханаға хабарласып, ауыр сырқат түскендігін айтқан.

«Ақжарлық әріптестеріміз ер адам бас сүйек-ми жарақатын алуы мүмкін, кеудесі қысылған, мидың гипоксиясы тіркелгендігін айтты. Жігіт біршама уақыт топырақ астында жатып қалған. Ол бірден аудандық ауруханаға жеткізіліп, алғашқы көмек көрсетілді. Реаниматологқа кеңес бердім, қандай ем-дом жүргізу керектігін айттым, өйткені сол уақытта сырқаттың жағдайы оны жедел түрде облыс орталығына жеткізуге мүмкіндік бермеді. Сол себепті аудандық ауруханада жігіт өкпені жасанды желдету аппаратына қосылды. Ал екінші күні жағдайы тұрақталғаннан кейін сан авиация арқылы облыстық ауруханаға жеткізілді», — дейді облыстың штаттан тыс бас анестезиолог-реаниматологы Сергей Ишин.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz