Қызылжар ауданында тасқында зақымданған 320 үй апатты деп танылды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданындағы Большая Малышка елді мекенінд көктемгі тасқын кезінде 321 үй су астында қалды. Оның 66-сы апатты танылған, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.

«AMANAT» партиясы СҚО филиалы баспасөз қызметінің мәліметінше, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Еркебұлан Мәмбетов пен Дмитрий Колода Большая Малышка елді мекенінде болып, тұрғындардың сауалына жауап берді. Үйлері апатты деп танылғандардың бір бөлігіне баспана ауданнан алынса, енді біріне облыс орталығында салынып жатқан үйлердің кілті табыс етілмек. Павел Вожжовтың үйі де тасқын кезінде зақымданды. Айтуынша, су бір айға жуық уақыт тұрған. Қазір баспанасы жөнделіп жатыр.

— Менің үйімді қалпына келтіруге 5 млн 700 мың теңге бөлінді. Оның жартысы материалға жұмсалса, қалғаны баспананы жөндеп жатқан жұмысшыларға төленеді. Шілде айының соңында жұмыс аяқталады. Жалпы өтемақының мөлшері көңілімнен шықты, — дейді Павел Вожжов.

Алайда сарапшы-бағалаушының қорытындысымен келіспегендер де бар. Мәжілісмендерге осы проблема бойынша халық көп сауал жолдайды екен. Сондай-ақ, су тасқынынан зардап шеккендер сметалық құжатты қайта қарау, тұрғын үйге меншік құқығын растайтын құжаттардың болмауы сияқты мәселелерді шешуге көмектесуді сұрайды.

— Облыста тасқыннан зардап шеккендердің 90 пайызы Петропавл қаласы мен Қызылжар ауданының тұрғындары. Су тасқыны кезінде біз өтемақыны өтеу ережелеріне терең үңілдік. Ол жерде өтемақы тек тұрғылықты жері бойынша тіркелгендерге ғана төленеді деп жазылды. Біз бұны дұрыс емес деп санап, өз атымнан депутаттық сауал жолдадым. Қазір бұл тармақ алынып жатыр, — дейді Мәжіліс депутаты Дмитрий Колода.

Большая Малышка елді мекенінде 900 адам тұрады. Қазіргі уақытта ауылда жаңа фельдшерлік-акушерлік пункт салынып жатыр. Қызылжар ауданы әкімі баспасөз қызметінің мәліметінше, Қызылжар ауданында су тасқынында барлығы 1546 үйге зақым келді. Қазіргі уақытта оның 320-сы апатты деп танылған.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz