Кестеге өрнектелген өнер

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Қала күнін мерекелеу аясында бейнелеу өнері музейінде Валерия Дмитриеваның «ART-Мастер» багет шеберханасы ұйымдастырған «Шапшаң инелер» атты кесте клубының мерейтойлық көрмесі ашылды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, көрме биыл бесінші рет өткізіліп отыр. Алғаш рет 2021 жылдың жазында «QYZYLJUR ART center» қалалық мәдени орталығында өткен екен. Бұл жолы көрмеге 20 қолөнерші қатысып, 60-тан астам жұмыс ұсынылды. Жанр тақырыбы әртүрлі. Бұл – моншақ және тігіс және кестеге қатысты көптеген қолданбалы шығармашылық. Экспозициямен бір ай ішінде танысуға болады.

Көрмеге қатысушылар кесте тігу әлемінің қаншалықты дамығанын, қазір қандай кесте тігу станоктары мен басқа да құрылғылары бар екенін көрсеткісі келген.

 – Қолөнершілер бесінші мерейтойлық көрменің құрметіне фотоаймақ пен «Кесте негіздері» шеберлік сыныбын ұйымдастыруға шешім қабылдады, онда әркім жіпті бекіту дағдыларын дамыта алады, заманауи жиынтықтармен, олардың құрамымен және әртүрлі кесте құпияларымен танысады. Көрменің басты идеясы – кестелеу шығармашылығының сұлулығын көрсетіп, келушілерді қаланың талантты қолөнер шеберлерімен таныстыру, – дейді облыстық бейнелеу өнері музейінің қызметкері Гүлнұр Зейнелғабиденова.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz