Денсаулық сақтау саласындағы талдау қатерлі ісікке шалдыққан азаматтардың құқықтары мен мүдделерінің өрескел бұзылушықтарын анықтады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.
Медициналық ұйымдар Әлеуметтік кодекстің талаптарына қайшы, мүгедектікті анықтау үшін осы санаттағы 100-ден астам азаматты медициналық-әлеуметтік сараптамаға жібермеген. Қадағалау органының актісі бойынша азаматтарға мүгедектік белгіленді, бұл оларға әлеуметтік қолдаудың барлық құқықтарын пайдалануға және мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алуға мүмкіндік берді.
Бұзушылықтар үшін 2 лауазымды тұлға заңда белгіленген жауапкершілікке тартылды.