Солтүстік Қазақстан облысында тұмауға шалдыққандар көбейген

Авторы: Qyzyljar News

Өңірдегі эпидахуал қаңтар айында оммикрон штамының келуіне байланысты ушығып кетті. Соңғы 2 апта ішінде тәж вирусын жұқтырғандар саны 1,5 есеге өскен, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Жағдайды маусымдық тұмау мен жедел респираторлы вирустық инфекция одан әрі қиындатуда.
Үстіміздегі жылы маусымдық тұмаудың 35 жағдайы тіркелді. Ал былтыр облыс бойынша тұмауға шалдыққандар тіркелген жоқ.

-Осы ретте барлық ата-аналарға балаларыңыздың бойынан ЖРВИ белгілері байқалса, яғни дене қызуы көтеріліп, жөтелсе, мектепке жібермеген жөн деп айтқым келеді. Өйткені, олар барлық сыныптастарына жұқтырулары мүмкін. Сондықтан, бірден дәрігер көмегіне жүгінген дұрыс болады,-дейді Солтүстік Қазақстан облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Арман Күшбасов.

Облыстағы эпидемиологиялық жағдайға байланысты мониторингтік топ өкілдері 31 рейд өткізді. Мамандар 188 нысанда болып, 2 адам жауапкершілікке тартылды. Оларға 398 190 теңге көлемінде айыппұл салынды. Сондай-ақ, «Ашық» жүйесі ережесін бұзғандарға 1,9 млн теңгеден астам сомаға 24 айыппұл тағайындалды.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz