Есіл ауданының өнерпаздарына «Газель» көлігі сыйға берілді

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Сәбит Мұқанов атындағы облыстық қазақ сазды-драма театрында «Әнім де сен, жырым да сен – QYZYLJAR» гала-концерті өтті. Шарада үздік ауылдық мәдениет мекемесі анықталып, «Газель» маркілі көлігі сыйға берілді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Гала-концертке облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов қатысты. Өңір басшысы ауылды жерде мәдениет саласының орны жайлы тіл қатып, жеңіске жеткен ұжымдарды құттықтады.

– Ауыл мәдениеті – ұлттық құндылықтарымыздың өзегі. Жерлестеріміздің рухын асқақтату үшін мәдениетіміздің өркендеп, дамуы маңызды рөл атқарады. Сондықтан руханиятқа көбірек көңіл бөлуіміз керек, – деді өңір басшысы Ғауез Нұрмұхамбетов.

Шарада «Үздік ауылдық мәдениет мекемесі – 2024» облыстық байқаудың жеңімпаздары анықталды. «Шығармашылық ізденіс» аталымында Шал ақын ауданы үздік атанса, Біржан сал атындағы арнайы жүлдені Жамбыл ауданы қанжығасына байлады.

«Үздік ауылдық мәдениет мекемесі – 2024» байқауының жеңімпазы Есіл ауданының Мәдениет үйінің ұжымы атанды. Оларға «Газель NEXT» автомобилінің кілті табысталды. 2-ші орын Мамлют пен Ғабит Мүсірепов атындағы аудандарға бұйырса, үшінші орынға тайыншалықтар лайық деп танылды.

– Біздің ауданымыз былтыр да жеңімпаз деп танылған. Биыл да Алланың қалауымен үздік боп көріндік. Қуанышымды сөзбен айтып жеткізе алмаймын. Облыс әкімінің қолдауымен өткен іс-шарадан Мәдениет үйіне керек жүйрік көлікті тақымдадық, — деді Есіл аудандық Мәдениет үйінің басшысы Нұркен Сейсенбаев.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz