Су тасқынынан кейін Петропавлдағы 1696 үй апатты деп танылды. Бүгіндері табиғи апаттың салдарынан бұзылған баспаналар белсенді түрде сырылуда, деп хабарлайды Qyzyzyljarnews.kz тілшісі.
Бұзылатын үйлердің басым бөлігі Ойқала шағынауданында орналасқан. Дені Потанин көшесінің бойында тұр. Қала әкімінің баспасөз қызметінің мәліметінше, қазір бұл шағынауданда құрылыс салуға тыйым салынған. Сүрілетін баспаналардың орнына ағаштар отырғызылып, айнала көгалдандырылады.
— Бүгінгі күнге дейін 540-тан астам үй бұзылды. Барлық аудандар мен Петропавлдан авариялық бригадалар жұмыс істейді. Барлығы 800-ден астам техника, негізінен ірі габаритті техника жұмылдырылды. Бұзу орындарында құрылыс салуға тыйым салынады, көгалдандыру мәселесі пысықталуда, — деді қала әкімінің баспасөз хатшысы Әсем Айтұлова.
Петропавлда 1696 үй апатты деп танылғанын атап өткен жөн. Тағы 757 үй жөнделуде. Тұрғын үйлерін су қиратқан отбасылар жаңа шағынауданда олар үшін арнайы салынған үйлерге немесе демеушілік қаражат есебінен сатып алатын пәтерлерге көшеді.