Солтүстік Қазақстан облысында полиция қызметкерлері психологтардың жетекшілігімен ашық аспан астында өткен тренингтерге қатысты, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Тренинг Мамлют ауданының Меңгесер көлі жағалауында өтті. Оған жедел уәкілдер, тергеушілер, патрульдік, учаскелік офицерлер қатысты. Сабақтың мақсаты – ұйымшылдық, есте сақтау және қарым-қатынас дағдыларын дамыту.
Сабаққа қатысушылар ұйымдастырушыларға алғыстарын білдіріп, мұндай іс-шаралардың маңызды және өте қажет екенін атап өтті. Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті тәрбие және кадр жұмысы басқармасының психологы ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Ләззат Мұрталимованың айтуынша, тимбилдингпен нығайтылған үйлесімді жұмыс істеу дағдыларын сабақтан кейін бірден қолдануға болды.