Бүгінгі күнге дейін 278 мыңнан астам теріскейлік коронавирусқа қарсы екпенің қос компонентін алған. 296140-ы әзірге тек біріншісін ғана қойдырыпты, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Өңірдегі 167 мыңға жуық адам ревакциянадан өтуі қажет. Қазіргі таңда оның 78 мыңнан астамы ғана екпенің 3-ші кезеңін алды.
Ал америкалық Pfizer вакцинасын 11 887 тұрғын қабылдаған. Оның ішінде 338-і – жүкті әйелдер болса, 2071-і босанған жандар. 9478 балаға шетелдік препарат қойылды.
-Бүгінде қорда «Vero Сell» вакцинасының 64 мыңнан астам, «QazVac-тың» 11 мыңнан астамы және «CoronaVac» препаратаның 242 данасы бар,-дейді Солтүстік Қазақстан облысы Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Еркебұлан Баязитов.
Қазіргі таңда облыстағы медицина мекемелерінде «Pfizer» вакцинасының 51552 дозасы бар.