Тимофей Скатов Швецияда негізгі жарысқа жолдама алды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Қазақстандық теннисші, әлемнің 223-ракеткасы, 23 жастағы Тимофей Скатов Бостад (Швеция) ATP 250 турнирінің негізгі кезеңіне өтті, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.

Қазақстандық теннисші іріктеу сайыстарының финалында әлемнің 153-ракеткасы, италиялық Андреа Пеллегриноның мысын басты.

Т.Скатов қарсыласын 6:4, 6:1 есебімен тізе бүктірді. Бір сағат 35 минутқа созылған бәсекеде ол 3 эйспен бірге 9 брейк-пойнттың төртеуін пайдаға асырды. Пеллегрино 6 брейк-пойнттың біреуін ғана өз есебіне жазды.

Тағы бір қазақстандық Денис Евсеев іріктеу сайыстарының финалында франциялық Мануэл Гинармен ойнайды. 15-21 шілде аралығында өтетін Бостад додасының жүлде қоры 651 865 еуроға бағаланған. Жарыс жеңімпазы 88 125 еуроға қоса 250 рейтингілік ұпайға ие болады.

Тимофей Скатов қазіргі кезде ATP Live рейтингісінде 218-орынға көтеріліп тұр.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz