Аудандағы мемлекеттік органдарға айыппұл түріндегі жаза қарастырылды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Есіл ауданындағы үш мемлекеттік органда мемлекеттік аудит жүргізілді. Оның қорытындысы бойынша 53 әкімшілік материал жинақталды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Тексеру комиссиясының ақпаратына сәйкес, экономика және қаржы, жер қатынастары бөлімдері мен мемлекеттік кірістер басқармасында аудит жүргізілді. Аудан бюджетіне жекелеген кіріс көздерінің түсімдерін жоспарлау, салықтық әкімшілендірудің тиімділігі тексерілді. Жалпы сомасы 102 млн. теңгеден асатын қаржылық, рәсімдерді орындау тәртібінде 19 бұзушылық анықталды. Оның ішінде жергілікті бюджеттің кірістерін болжау кезінде салық органдарына және басқаларға жүктелген міндеттерді толық көлемде орындамау фактілері тіркелді. Бұл жергілікті бюджетке кірістердің толық емес және уақытылы түспеуіне әкеліп соқтырды. Ауданның мемлекеттік органдары жер учаскелерінің сатып алу құнын уақытылы төлемеу фактілері бойынша тұрақсыздық айыбын өндіріп алуды қамтамасыз етпеді.

— Мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша мемлекеттік кірістер басқармасына 53 әкімшілік материал жинақталды. Осылайша 39 әкімшілік жаза қарастырылып, 443,1 мың теңге сомасында айыппұл салынды. Сондай-ақ ескерту түрінде 14 әкімшілік жаза тағайындалды. Анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілді, — деп хабарлайды тексеру комиссиясы.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz