Тәлімгерлер кеңесінің отырысы өтті

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

СҚО полиция департаментінде тәлімгерлер кеңесінің есептік кездесуі өтті. Жиынға аталмыш ведомство басшылығы, ардагерлер кеңесі мен жас қызметкерлер қатысты, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Шарада бірінші болып сөз алған СҚО ПД бастығы Айдын Қабдұлдинов тәлімгерлер кеңесінің көп қырлы жұмысының маңыздылығын атап өтті. Ведомство басшысы ақсақалдарға жастарға тәжірибесін бергені үшін, солтүстікқазақстандық полицияның кәсіби мамандарын қалыптастыру жөніндегі жұмысты ұйымдастыруға белсенді қатысып жүргені үшін алғысын білдірді.

СҚО ПД тәрбие және кадр жұмысы басқармасының бастығы Абылғазы Ғабдуллин бос лауазымдарды жасақтау жөніндегі жұмыс туралы және полиция қатарындағы тәртіп пен заңдылықтың жай-күйі туралы баяндады.
Есептік кездесуде бірқатар ардагерлер департаменттің алғыс хаттарымен марапатталып, жеке құрамның қошеметіне бөленді.

ІІМ құрметті қызметкері Хайдар Кәшенов төрағасы болып табылатын тәлімгерлер кеңесінің мүшелері жоспарларымен бөлісті; атап айтқанда, ардагерлер ауылдық жерлерде қызметтік-іздестіру иттері мен кинологтарды, сондай-ақ жылдам қимылдайтын арнайы жасақты тарта отырып, кеңейтілген форматта кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізуді, ведомстволық музей экспозицияларының жылжымалы көрмелерін белсенді қолдануды ұсынды.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz