Биыл елімізде 60,5 млрд. текше метр газ өндіріледі

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Елімізде газ өндірісі Қарашығанақ, Теңіз және Қашаған кен орындары есебінен өндіріледі, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.

— Соңғы жылдары елімізде газ өндірудің тұрақты өсуі – газ саласының даму қарқынының айғағы. Биыл 60,5 млрд. текше метр газ өндіруді жоспарлап отырмыз. Осы жылдың бірінші жартыжылдығында 30 млрд. текше метр газ өндірілді, бұл биылғы жоспардың 49,5%-ы. Газ өндірудің негізгі өсімі ірі кен орындары – Қарашығанақ, Теңіз және Қашаған. Өткен жылы тауарлық газды өндіру көлемі 29,8 млрд. текше метр болды, биыл 29,8 млрд. текше метрге жеткізуді жоспарлап отырмыз. Оның ішінде бірінші жартыжылдықта 14,9 млрд. текше метр газ өндірілді, бұл жоспардың 50%-ы, — деді Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев Үкімет отырысында.

Министрдің мәліметінше, өткен жылы 1,6 млн тонна сұйытылған мұнай газы өндірілген.

— Осы жылғы жоспар да 1,6 млн тонна және осы жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша 0,8 млн. тонна өндірілді. Бұл осы жылға арналған жоспардың 53,3%-ы», — дейді ол.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz