Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу комитеті Солтүстік Қазақстан облыстық департаменті басшылығына тағайындалған Дамир Тоқтамысовқа осындай міндет жүктелді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Бүгін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің табиғи монополияларды реттеу комитетінің төрағасы Асан Дарбаев Солтүстік Қазақстан облысы бойынша аумақтық департамент ұжымымен кездесіп, жаңа басшыны таныстырды.Тарифтік ведомство басшысы тариф қалыптастыру саласының күрделі, маңызды және әлеуметтік сипатқа ие екенін ескере отырып, Дамир Тоқтамысовтың аталған салада тәжірибесі мол екенін атап өтті.
-Бүгінгі кездесудің басты мақсаттарының бірі еліміздің солтүстік өңіріндегі тарифтік реттеушінің жаңа басшылығының алдына міндеттер қою болып табылады. Сапасыз жылумен қамтамасыз еткені үшін және осы жылыту кезеңінің соңғы айларында тұрғындар төлеген жылу шығындары үшін халыққа ақшаны қайтару мүмкіндігін табу қажет, деді Асан Дарбаев.
Жаңа басшыны таныстыруға арналған жиынға департамент қызметкерлерінен басқа «Севказэнерго» АҚ (2-ЖЭО), «Петропавл Жылу Жүйелері» ЖШС-ның басшылығы мен БАҚ өкілдері қатысты.
-Осы жылыту кезеңінде 2- жылу –энерго орталығында бірнеше апат орын алды, соның салдарынан қала тұрғындары пәтерлерінде суыққа төзуге мәжбүр болды. Ай сайын аймақ тұрғындарына келетін жылу шығындары үшін төлемдер, бірақ бүгінде бұл мәселе бойынша сот ісі жүріп жатыр, бұл бөлек тақырып», — деп атап өтті комитет басшысы.