Петропавлдағы Былғары зауыты кентінде үш жасар қызды көлік қағып кетті. Бала дереу ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
СҚО ПД мәліметінше, оқиға шілденің 14-і күні Рыжов көшесінде орын алды. Қазіргі уақытта қыз бала облыстық балалар ауруханасында ем қабылдап жатыр.
– Қыз баланы көлігімен 45 жастағы азамат қағып кетті. Жүргізуші «ВАЗ-2112» маркілі теміртұлпарды тізгіндеген. Автокөлік арнайы тұраққа қойылды, – дейді СҚО ДП баспасөз қызметі.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының ақпаратына сүйенсек, қыз баланың денсаулығына алаңдауға негіз жоқ. Жарақат алған баланың білегі сынған.