Тасқын судан зардап шеккендер үйлі болды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Облыста тасқын судан зардап шеккен отбасыларға 775 баспана сатып алынды. Бұл мақсатқа «Қызылжар асар» қоғамдық қоры 15 млрд. теңге бөлді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Естеріңізге салсақ, көктемгі су тасқыны кезінде 4 мыңға жуық үй су астында қалды. Оның тең жартысы жарамсыз деп танылды. Басым бөлігі Петропавлдағы шағынаудандарында орналасқан.

Қалалық қоғамдық комиссиясының мәліметінше, баспанасыз қалғандардан 1700-ден астам өтініш хат түсті. Олардың 1200-і облыс орталығында пәтер алуға ниет білдірді. Ал 500-і Бірлік шағынауданында үйлі болуға өтініш жазды.

– Баспаналы болғысы келетіндер қажетті құжаттарды жинап, өтініш жазды. Олар сатып алғысы келетін пәтер иелерімен келісіп, әкімдіктен қаражат сұрады. Комиссия әрқайсысын қарастырып, шешім қабылдады, — дейді «Қызылжар асар» қоғамдық қорының директоры Қанат Омаров.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz