Елімізде суға түсіп, көз жұмып жатқан бала саны күрт көбейді

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Қазақстанда су айдындарында қаза тапқандардың саны күннен-күнге көбейіп жатыр. Алайда балалар өлімінің күрт өсуі үлкен алаңдаушылық тудырады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.

Жазатайым оқиғалар демалыс күндері жиі кездеседі. Қауіпсіздік ережелерін елемеу, жабдықталмаған жерлерде шомылу және балаларды назардан тыс қалдыру көбінесе қайғылы жағдайға әкеліп жатыр. Мәселен, шомылу маусымы басталғаннан бері 85 адам, оның ішінде 35 бала суға батып кетті.

— ТЖМ қазақстандықтарды судағы қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырады. Тыйым салынған жерлерде шомылу өмірге қауіп төндіріп қана қоймай, айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке әкеледі. Тек әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 412-бабы бойынша 721 қазақстандыққа 18 миллион теңгеден астам сомаға айыппұл салынды, — делінген Төтенше жағдайлар министрлігі хабарламасында.

Министрліктің халықты қорғау бойынша қабылдаған шаралары өз тиімділігін көрсетіп жатыр. Оған дәлел, 45 күннің ішінде құтқарушылар 153 адамның, оның ішінде 38 баланың қаза болуына жол бермеді.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz