СҚО полицейлері аралас жекпе-жектен өткен әлем чемпионатында алтын медальдарға қол жеткізді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.
Астана қаласында «MMA Free Fighting» жарысы өтті. Халықаралық сында жерлестеріміз Ибрагим Беков пен Айдархан Кайруллин бірінші орынды қанжығаларына байласа, Абылайхан Өмірзақ қола медальді еншіледі.
Төрт күнге жалғасқан әлем чемпионатына 1500 спортшы қатысты. Ибрагим Беков 71 келіге дейінгі салмақта өнер көрсетті. Ал Айдархан Кайруллин 77 келіге дейінгі салмақта қарсыластарын қапы қалдырды. Абылайхан Өмірзақ болса, 84 келіден жоғары салмақта сынға түсті.
СҚО ПД бастығы Айдын Қабдұлдинов спортшы-полицейлерді жеңістерімен құттықтап, ізгі лебізін жолдады.