Бруцеллез анықталған елді мекендерде шектеу шаралары алынды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Жыл басынан бері облыстық ветеринария басқармасының мамандары үй жануарларына екпе қою және жұқпалы ауруларды алдын алу мақсатында 2 млн. 890 мыңнан астам жоспарлы шара жүргізді. Нәтижесінде 9 қолайсыз аумақ анықталды. Бұл туралы өңірлік орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтылды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.

СҚО ветеринария басқармасы басшысының орынбасары Олжас Болыспаевтың айтуынша, қолайсыз аумаққа енген 4-інде бруцеллез, 3-уі құтырма, бір-бірден жылқының ринопневмания мен жылқы тұмауы анықталды.

– Барлық фактілер жоспарлы санитарлық-ветеринарлық шаралар аясында анықталды. Бүгіндері бруцеллез ауруы тіркелген Тимирязев ауданының Докучаево, құтырма бойынша Қызылжар ауданындағы Прибрежное, ат тұмауы бойынша Уәлиханов ауданының Телжан елді мекенінде шектеу шаралары алынып тасталды, – деді Олжас Болыспаев.

Жыл басынан бері өңірдегі 529 ірі қарадан бруцеллез анықталған.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz