СҚО-да сыбайлас жемқорлыққа қатысты қылмыс саны өсті

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Биыл өткен жылмен салыстырғанда сыйбалас жемқорлыққа қатысты қылмыс саны 9 пайызға өсіп, 36 фактіні құрады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

СҚО прокуратурасының мәліметінше, сыбайлас жемқорлық фактілерінің 25-сін антикор қызметі, 3-уін Ішкі істер министрлігі, 5-уін Ұлттық қауіпсіздік комитеті және 3-уін экономикалық тергеу қызметі әшкереледі.

– Прокуратурада сыбайлас жемқорлыққа қатысты 54 іс өндірісте болды. Оның 20-сы аяқталып, тағы соншасы сотқа жіберілді. Биыл 37 азамат пара берді және алды деген күдікке ілінді. Оның 14-іне қатысты іс сотта қаралды, – дейді облыстық прокуратура басқармасының аға прокуроры Марат Қазиев.

Марат Қазиевтің айтуынша, биыл квазимемлекеттік секторда жұмыс істейтін кәсіпорындардың бірінің басшысы 100 мың АҚШ доллары көлемінде пара алғаны үшін ұсталды. Қалалық соттың шешімімен ол 11 жылға бас бостандығынан айырылды. Мұндай мысалдар аз емес. Мұны аға прокурор алға тартты.

– Тамыз айында мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкері елордалық серіктестіктің директорынан 10 мың теңге көлемінде пара алған. Заң бұзушы ЖШС басшысынан әкімшілік жауапкершіліктен босату үшін ақша алғаны анықталды. Бұл қылмыс үшін мемлекеттік қызметші мен кәсіпкер айыпты ретінде танылып, мемлекетке параның 15-тен 60-қа дейінгі еселенген сомасын қайтару туралы сот шешімі шықты, – дейді Марат Қазиев.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz