Облыстық прокуратура мамандары балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін барлық мектепке дейінгі және орта білім беру ұйымдарында тексерістер жүргізді. Нәтижесінде кәмелетке толмағандардың құқықтары мен мүдделерін бұзудың фактілерін анықтады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
СҚО прокуратурасының мәліметінше, өрескел бұзушылықтар санитарлық, өртке қарсы, ақпараттық қауіпсіздік және терроризмге қарсы қауіпсіздік туралы заңнама талаптарына сақтамауында көрініс тапты. Сол себепті білім беру ұйымдарының 147 лауазымды тұлғасы тәртіптік және 316-сы әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
– Тексеріс барысында бюджет қаражатының 43 млн. теңгесін ұрлау фактісі анықталып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары басталды. Нәтижесінде 10 млн. теңгесі бюджетке қайтарылды, — деді прокуратурада.