Олимпиада ойындарына жолдама алған солтүстікқазақстандық конькиші 12 ақпанда жарыс жолына шығады

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Олимпиада ойындарында Қазақстанның намысын 5 конькиші қорғайды. Олардың бірі жерлесіміз Иван Аржаников, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Иван Аржаников Петропавл қаласында туып өскен. Мектепте оқып жүрген кезінен бастап конькимен сырғанауға ден қойған. Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің дене шынықтыру және спорт факультетін тамамдаған.
Олипиада ойындарына дайындық кезінде құраманың бас бапкері Дмитрий Бабенконың қол астында жаттыққан. Жерлесіміз Қазақстан Республикасының чемпионы, студенттер арасында әлем чемпионатының жеңімпазы, конькимен сырғанаудан халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Қазақстан құрамасының негізігі құрамының мүшесі.
Иван Аржаников ақпанның 12 және 18 күндері жарыс жолына шығады.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz