Облыста «Мектепке жол» республикалық акциясы аясында әлеуметтік аз қамтылған отбасылардан шыққан 11 мыңға жуық балаға көмек көрсетіледі. Әр оқушыға ҚР Үкіметінің қаулысына сәйкес, 43407 теңге мөлшерінде төлем жүргізіледі, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
СҚО білім басқармасының мәліметінше, өткен жылы «Мектепке жол» акциясы шеңберінде 15236 балаға көмек көрсетілді. Бұл мақсатқа 404 млн. 843 мың теңге көлемінде қаржы жұмсалды. Қайырымдылық істен жергілікті кәсіпкерлер де шет қалмай, белсенді түрде «Мәмбетов и К» КС, «Петропавл арақ зауыты», «АЗКО», «Буденное СК», «Раисовское», «Астық Привольный», «Западное СК», «ES GLOBAL AGRO», Тахтаброд, «Адани Агро», «Содружество, компания Эдил», «Азия-Тарангул», «Визигина» ЖК, «Кантемир-Агро», «Заградовское», «Прометей-Агро» ЖШС мен «Бромот С.В.» ЖК қатысты.
– Биылғы акция аясында әлеуметтік аз қамтылған отбасылардан шыққан 10879 бала көмек көрсетіледі. Қазақстан Республикасы Үкіметінің № 64 Қаулысымен оқу жылына дайындық кезеңінде ата-аналар растайтын құжаттарды ұсынған кезде киім, аяқ киім, мектеп керек-жарақтарын сатып алу үшін 43407 теңге мөлшерінде төлемдерді жүзеге асыру жоспарлануда. Осы жылдан бастап мемлекеттік білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне қаржылық және материалдық көмек көрсету мемлекеттік қызмет санатына жатқызылды, — дейді облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі.