СҚО-да бірінші сыныпқа 7 мыңнан астам бала барады

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Биыл облыс бойынша бірінші сыныпқа 7351 бала барады деп күтілуде. Бүгіндері оқушылардың ата-аналарынан 5150 өтініп келіп түсті, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Ел көлемінде бірінші сыныпқа баратын балалардың құжаттарын қабылау науқаны өтуде. Ол тамыздың 31-не дейін жалғасады.

СҚО білім басқармасының хабарламасында көрсетілгендей, құжаттарды мемлекеттік egov.kz электрондық үкімет қызметі, жергілікті атқарушы органдардың ақпараттық жүйелері арқылы тапсыруға болады. Бірінші сыныпқа алты жастан асқан балалар ата-анасының немесе заңды өкілінің жеке өтініші негізінде қабылданады.

– Сәуірдің 1-нен бастап балаларды бірінші сыныпқа қабылдау науқаны басталды. Ата-аналар электронды түрде өтініштерін жолдады. Қазіргі уақытта 5150 балғын мектептерге қабылданды, — дейді СҚО білім басқармасының баспасөз қызметі.

Ел бойынша бірінші сыныпқа балалардың ата-аналарынан 335 469 өтініш түсті, оның 310 952-сі қабылданды.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz