Петропавлдағы Бөкетов көшесінің бойындағы үйлердің бірінің жанында тұрған «Audi» маркалы көлігі отқа оранды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Автокөліктің қозғағыш бөлігінде электр сымдарының тұйықталуынан от шыққан. Салдарынан салонын өрт шарпып, қозғалтқыш бөлігі зақымданды.
Жуырда «Мамлютка — Петропавл» тасжолында «Газель» маркалы жүк көлігі де дәл осындай себеппен өртенген. Абырой болғанда екі жағдайда да адамдар зардап шеккен жоқ. Былтыр облыста 9 автокөлік өртенген болатын.
Солтүстік Қазақстан облысында жыл басынан бері 2 автокөлік өртенді
444