Көлікті мас күйде тізгіндеген әкім жұмыстан босатылды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Тайынша ауданына қарасты Чкалов ауылдық округінің әкімі көлікті мас күйде тізгіндеп ұсталынған болатын. Бүгіндері шенеунік  жұмыстан шығарылды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.

Облыстық мемлекеттік қызмет істері департаментінің мәліметінше, оқиға 27 қаңтарда сағат 22.30 шамасында Көкшетау қаласында болған. Тәртіп сақшылары аулалардың бірінде «Лада 21713» көлігін тоқтатады. Рульде Тайынша ауданы Чкалов ауылдық округінің экс-әкімі Сәкен Сәдуақасов болған. Медициналық куәландыру оның мас болғанын көрсетті. Заңға сәйкес мемлекеттік қызметші 15 тәулікке қамауға алынып, 7 жылға көлік басқару құқығынан айырылды.

Мемлекеттік қызметшінің Әдеп кодексін өрескел бұзған Сәдуақасовтың ісі әдеп жөніндегі кеңесте қаралды. Экс-әкім өз кінәсін мойындады.

— Тайынша ауданының әкіміне Чкалов ауылдық округінің әкімі С. Т. Сәдуақасовқа заңды күшіне енген сот актісімен дәлелденген Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген міндеттер мен шектеулерді сақтамағаны үшін жұмысынан босату түріндегі тәртіптік жаза қолдануды ұсынамыз. Ол жалпы қабылданған моральдық-этикалық нормаларды бұзып, қоғамға жат мінез-құлыққа жол берді, жұмыстан тыс уақытта орташа дәрежеде мас күйінде автокөлікті басқарып, жол қозғалысының қауіпсіздігіне қауіп төндірді, — дейді СҚО мемлекеттік қызмет істері департаментінің бас маманы Абзал Оразымбетов.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz