Облыста жер қойнауын заңсыз пайдаланған 4 азамат анықталды. Оларға қатысты қылмыстық істер қозғалып, 3,7 млрд. теңгенің мүлкі тәркіленді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
СҚО экономикалық тергеу департаментінің мәліметінше, тергеу барысында ауыл шаруашылығы жерлерінде заңсыз кен өндіру фактілері анықталды. Тиісті шаралар қабылданып, жақын арада белгіленген учаскелер мемлекет меншігіне қайтарылады.
– Заңсыз әрекетке барғандар жазаланады. Ал кен орындарын игеру және жақсарту мақсатында жаңа инвесторлар тартылатын болады, — дейді СҚО экономикалық тергеу департаментінің басшысы Бақытжан Әбілқайыров