Облыста жылу беру қызметінің құны қайта есептеледі, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Табиғи монополияларды реттеу департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, орталықтандырылған жылумен жабдықтау қызметтерін пайдаланатын және жылуды есепке алу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін сыртқы ауаның нақты температурасын ескере отырып, қайта есептеу жүргізіледі.
Өткен жылыту маусымындағы жылу беру қызметіне төленген 24,1 млн. теңге тұтынушыларға қайтарылады. Оның 10,8 млн. теңгесі «Севказэнергосбыт» ЖШС тұтынушыларына тиесілі. Қайта есептеу нәтижелері бойынша қаражат тұтынушылардың дербес шотында жаңа жылыту кезеңінде не күнтізбелік жылда аванс түрінде жеке жолмен қайтарылады.
— Келіспеген жағдайда субъектілер департаменттің қабылданған шешіміне жоғары тұрған органға не сот тәртібімен шағымдануға құқылы, — деп толықтырды ведомствода.