Кәмелеттік жасқа толмағандардың қатысуымен 40 ЖКО тіркелді

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

СҚО полиция департаменті балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жұмысты күшейтті. Полицейлер балалардың жол-көлік жарақатының алдын алуға ерекше көңіл бөледі, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.

Петропавл қалалық полиция басқармасының патрульдік полиция батальоны қызметкерлерінің кезекті профилактикалық рейді барысында скутер мен велосипедтерді ұнататын жас әуесқойлар арасында түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Бұл жұмыс қала орталығының қиылысындағы Қазақстан Конституциясы көшесі бойында, Жұмысшы кентінде және айналма тас жолында жүргізілді.

Балаларға және олардың ата-аналарына жол қозғалысы ережелері, жолдардағы қауіпсіздіктің негізгі шаралары туралы еске салып, жадынамалар таратылды. Балалардың жол-көлік жарақаттануының алдын алу бойынша мақсатты жұмыс жалғасып жатыр.

Жыл басынан бері Солтүстік Қазақстан облысында кәмелетке толмағандардың қатысуымен 40 жол-көлік оқиғасы тіркелді, салдарынан бір бала қаза тауып, 46-сы түрлі дене жарақаттарын алды.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz