Петропавлдықтар жаңа көлікті тікелей автосалонда тіркей алады

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Енді автосалоннан жаңа көлік сатып алғанда, көлік құралын тіркеу үшін мамандандырылған ХҚКО-ға жүгінудің қажеті жоқ, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Автосалонда тікелей автокөлікті тіркеуге, мемлекеттік нөмірді таңдауға және техникалық паспортты рәсімдеуге болады. Бұл ретте құжаттарды Мемлекеттік корпорация қызметкері қабылдайды. Бүгінгі таңда пилоттық жоба «Hyundai Petropavlovsk» автосалонында іске қосылды. Бұл туралы «Азаматтарға арналған үкімет» Солтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалында айтылды.

– Бұрын жаңа автокөлікті сатып алғанда, азаматтар Мамандандырылған ХҚКО-ға баруға мәжбүр болды. Енді автосалонда біздің қызметкеріміз құжаттарды қабылдайды. Біз көрсетілетін қызметті алушылар үшін сервисті  әр уақытта жақсартудамыз,- деді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ Солтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалының директоры Еркін Жұмабай.

Петропавл қаласының мамандандырылған ХҚКО-да 2024 жылдың басынан бері 1860 көлік тіркелді.

 

 

 

 

 

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz