Қалалық әкімдікте облыс орталығы басшысының орынбасары қызметі бос тұр. Бұл лауазымға үміткерлердің құжаттары шілденің 19-ы мен 23-і күндері аралығында қабылданады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Қала әкімінің орынбасары лауазымына байқау туралы ақпарат әкімдіктің ресми сайтында жарияланды. Бұл қызметке қойылған талаптар да порталда көрсетілген. Сондай-ақ жалақы көлемі көрсетілген. Ол шамамен 593 мың 752 теңгені құрамақ.
– Кандидаттың еңбек өтіліне байланыста оклад көлемі өзгеруі мүмкін, — делінген сайтта.
Бұған дейін әлеуметтік желіде қала әкімінің орынбасары қызметін босатты деген хабар тараған болатын.