Жыл басынан бері өңірге 23 мыңға жуық турист келді

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

СҚО-да 122 туристік нысан жұмыс істеп келеді. Бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша бұл орындар 23 мыңға жуық туристі қабылдады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Облыс әкімдіктің мәліметінше, туристер тарапынан Имантау-Шалқар курорттық аймағы жоғары сұранысқа ие. Өткен жылдың өзінде Айыртау ауданының көрікті жерлерінде демалуға 95 мыңнан астам адам келді.

Бүгіндері Айыртау ауданында 44 туристік нысан бар. Олар бір уақытта 3651 демалушыны қабылдай алады.

– Имантау-Шалқар курорттық аймағында 9 демалыс орталығы жұмыс істейді. Олар – «Изумрудное», «Адель», «Дом у озера», «Адам», «Имантау», «Қазығұрт», «Солнечное Вип», «Тұрпан» және «Заря».
Өткен жылдың өзінде Айыртау ауданында 5 демалыс орын ашылды. Биыл Белое көлінің жағасында «Заря» орталығы жұмыс істей бастады. Сондай-ақ Имантау көлі жағасында «Дом у озера» демалыс орталығы кеңейтілді. Жыл соңына дейін тағы 7 турнистік нысан жөндеуден өтеді. Бұл мақсатқа 1 млрд. 600 млн. теңге жұмсалады, – делінген Айыртау аудандық кәсіпкерлік және туризм бөлімінің мәліметінде.

Аудандық әкімдіктің ақпаратына сәйкес, соңғы бес жылда Айыртауда туризм саласын дамытуға 3 млрд. 750 млн. теңге көлемінде инвестиция тартылды.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz