Демалыс күндері Қазақстанда күн күркіреп, жаңбыр жауады

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН
«Қазгидромет» РМК синоптиктері Zakon.kz тілшісіне 2024 жылдың 20, 21 және 22 шілдесінде республика бойынша ауа райы қандай болатынын айтты. Мамандардың айтуынша, басым бөлігінде найзағай ойнап, жаңбыр жауып, жел күшейеді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.

Ауа райы болжамына сәйкес, Қазақстанның басым бөлігінде төмен атмосфералық қысым аясында өткінші қысқа мерзімді жаңбыр жауып, найзағай ойнап, екпінді жел секундына 15-20 метрге дейін күшейеді.

Сонымен қатар, республиканың шығысында, оңтүстігі мен оңтүстік-шығысындағы таулы аймақтарда бұршақ жауып, қатты жауын-шашын күтіледі.

— Күндіз ауа температурасы республиканың солтүстігі мен шығысында +20+28°С, оңтүстігінде +34+39°С, республика орталығында +25+33°С дейін көтеріледі деп күтілуде. ℃, оңтүстік-шығыста +30+38°С-қа дейін, ал елдің батысында +33+38°С дейін ыстық болады, — делінген «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі таратқан мәлімтте.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz