СҚО әкімі Мағжан Жұмабаев ауданында болды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов жұмыс сапарымен Мағжан Жұмабаева ауданында болды. Өңір басшысы қиын өмірлік жағдайға тап болған балаларды қолдау орталығына барып, ғимаратты жөндеу барысын тексерді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

СҚО әкімі шекара бекеттерінің құрылысымен де танысты. Сондай-ақ сүт фермаларын аралап, шөп дайындау барысын қадағалап, диқандармен кездесті.

Ауданда жол инфрақұрылымы жақсартылып жатыр, Мәселен, Лебяжье ауылының 13 шақырымдық кіреберіс жолына орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Жалпы биыл аудандағы 3 ауылға апаратын жол ретке келтірілмекші.

– 2026 жылға дейін облыста барлық жолдарды қалыпқа келтіру қажет. Аудан басшылығына биыл бөлінген қаржыны толық игеруді тапсырамын. Оған қоса, аудан әкімі жылыту маусымына дайындық пен көмір жеткізу мәселесін қолға алуы керек. Әсіресе, НПС Булаево ауылында үздіксіз жылытуды қамтамасыз етуі қажет, – деді СҚО әкімі.

Қарақоға ауылында Мәдениет үйі күрделі жөндеуден өтті. Бүгіндері мұнда түрлі мәдени шараларды өткізуге болады. Нысанды қалыпқа келтіруге жергілікті «Чистовское» ЖШС қолғабыс көрсетті.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz