Ел аумағында тіркеусіз жүрген 5359 азамат жауапқа тартылды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Жыл басынан көші-қон қызметі елімізде уақытша болуға рұқсат беретін қағазды 3600-ден астам адамға берді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Маусым айында полиция қызметкерлері Жамбыл ауданының аумағында заңсыз еңбекпен айналысу фактісін анықтады. Салынып жатқан объектіде жұмыс істеп жүрген Өзбекстан Республикасының бес азаматының тиісті рұқсаты болмаған. Нәтижесінде шетелдіктерді де, олардың жұмыс берушілерін де әкімшілік жауапкершілікке тарту бойынша шаралар қабылданды. Сот шешімімен шетелдік бес азаматтың барлығы Қазақстан Республикасынан шығарылды.

СҚО ПД көші-қон қызметі басқармасының бастығы Талғат Әбіловтің айтуынша, 6 ай ішінде халықтың көші-қон саласындағы ҚР заңнамасын бұзғаны үшін 201 шетелдік және 38 жұмыс беруші әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Жыл басынан СҚО-да көші-қон қызметі бөліністерінің қызметкерлері Қазақстан аумағында тіркеусіз немесе жеке басын куәландыратын құжаттарсыз тұрғаны үшін 5359 азаматты әкімшілік жауапкершілікке тартты.

Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды қабылдайтын жеке және заңды тұлғалардың тарапынан халықтың көші-қон саласындағы заңнаманы бұзуының 302 дерегі тіркелді. Ел аумағынан 57 шетелдік шығарылды. Құқық бұзушылықтарды анықтау мен жолын кесуден бөлек, СҚО ПД көші-қон қызметі басқармасы мемлекеттік қызметтердің 12 түрін көрсетуді жалғастыруда. Алты ай ішінде азаматтығы жоқ 573 адам тұруға ықтиярхат пен куәліктер алған. Жеке куәлік жасауға 20054 өтініш және 12320 паспорт ресімделді.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz