Лига кубогының үшінші турында Оралдың «Ақжайығы» өз алаңында Петропавлдың «Қызылжарын» қабылдады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.
Петропавлдықтар Премьер-лигада турнир кестесінде 10-орында келе жатса, бірінші лигада ойнап жүрген оралдықтардың жағдайы мәз емес-ті.
Бірінші таймда алаң иелерінен 13-минутта Шыңғыс Құбашев есеп ашты. Содан кейін қызылжарлық Ұлар Жақсыбаев 40-минутта өз қақпасына гол соғып алды. Тек 94-минутта қонақтар сапынан Сенин Себаи есепті қысқартты. Қорытынды есеп – 2:1, «Ақжайықтың» пайдасында.
Осылайша, лига кубогында «Ақжайық» үш ұпайға қол жеткізді.