Облыста көмір бағасы қымбаттады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
СҚО энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының ақпаратынша, көмірдің құны орта есеппен 1 мың теңгеге көтерілді. Өткен жылдың соңында қатты отынның бағасы бір тоннасы үшін 15 475 теңге болатын. Шұбаркөл 17 100 теңге, Қаражыра – 17 500 теңге, Майкөбе – 14 800 теңге, Екібастұз – 12 500 теңге.
Биыл орташа бағасы тоннасына 16 450 теңгені құрап отыр. Бұл ретте Шұбаркөл бағасы 18 800 теңгеге дейін, Қаражыра – 19 000 теңгеге дейін, Майкөбе – 15 500 теңгеге дейін өсті. Екібастұздың құны өзгерген жоқ.
Қазір облыстың тұйықтарында 33 мың тоннадан астам көмір бар. Оның ішінде Петропавлда – шамамен 5,8 мың тонна көмір.
Жылыту маусымына өңір тұрғындарына 399 мың тонна көмір, бюджеттік мекемелерге 146 мың тонна көмір қажет.