Қанжығаларын майлап қайтты

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

«Арабеск» би ансамблі Санкт-Петербор қаласында өткен халықаралық байқауда 15 жүлделі орынға ие болды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.

Ресей жеріндегі байқау «Өнер планетасы» деп аталды. Жерлестеріміз бірнеше аталым бойынша қатысып, 15 нөмір ұсынды. Нәтижесінде солтүстікқазақстандық би ұжымы 8 қола, 4 күміс және 3 алтын медальді иеленді.

– Біз 7 жастан 20 жасқа дейінгі 106 адамнан тұратын 7 топ құрдық. Күн сайынғы дайындық нәтижесін берді. Шәкірттерім өңір намысын абыроймен қорғап келді, – дейді «Арабеск» би ансамблінің жетекшісі Татьяна Кравченко.

Алдағы уақытта жерлестеріміз Грузия, Өзбекстан және Ресейдегі байқауларға қатысуды жоспарлап отыр.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz