Биыл СҚУ колледжі жабылмайды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Петропавлдағы Солтүстік Қазақстан университеті колледжі биыл жабылмайтын болды. Бұл туралы СҚО білім басқармасының басшысы Айнагүл Сұрағанова мәлім етті, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Айнагүл Сұрағанованың айтуынша, алдағы 2024-2025 жылғы оқу жылында колледж студенттерге білім беру үрдісін тоқтатпайды. Сондай-ақ биыл жаңа талапкерлер оқуға қабылданбайды.

– Бүгіндері колледжде 6 мамандық бойынша 310 студент білім алып жүр. Олардың 80 пайызы, яғни 246 бала грант иегерлері болып табылады. Биыл барлықтары тиісті мамандықтарға оқуды жалғастырады. Келер жылы орта арнаулы кәсіби оқу орны жабылса, мекеменің шәкірттері өзге колледждерде білімдерін жалғастыратын болады. Гранттары сақталады, — деді Айнагүл Сұрағанова.

СҚО-да 24 колледж бар. Олардың 19-ы – мемлекеттік болса, 5-уі – жекеменшік. Орта арнаулы білім беру мекемелерінің 12-сі қалада шоғырланған.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz