Тәртіп бұзған мас тұрғын ұсталды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Петропавл полицейлері қоғамдық тәртіпті бұзған мас тұрғынды ұстады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.

СҚО ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, шілденің 22-сі күні сағат 13:00 шамасында Петропавл қалалық полиция басқармасының «102» арнасына әйел адам хабарласып, Интернационал көшесінің бойындағы аялдамада күмәнді ер адам отырғанын және оның жарылғыш құрылғысы бар болуы мүмкін екенін айтқан.

Оқиға орнына облыстық және қалалық полиция, ҰҚКД, ТЖД шұғыл қызметтері, сондай-ақ дәрігерлер барды. Ұсталған адам облыс орталығының мас күйде жүрген 60 жастағы тұрғыны болып шықты. Одан жарылғыш құрылғы табылған жоқ. Ер адамға қатысты қоғамдық орындарда мас күйде жүргені үшін әкімшілік хаттама толтырылды. Қазіргі уақытта түпкілікті процестік шешім қабылдау үшін материал жиналып жатыр.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz