«Мерейлі отбасы» байқауында Ақжар ауданының отбасы жеңіске жетті

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Петропавлда «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының облыстық кезеңі өтті. Оған өңір аудандары мен қаладан 60-тан астам отбасы қатысты, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Дәстүрлі байқау 3 кезеңнен тұрды. Арнайы құрылған қазылар алқасы 60-тан отбасының ішінен үздігін анықтады. Нәтижесінде Ақжан ауданындағы Хасеновтер әулеті жеңімпаз атанды.

– 2013 жылы бұл байқауға алғаш рет менің ата-анам қатысты. Енді біз жастар аға буынның жолын қуып, бағымызды облыстық кезеңде көрдік. Енді міне жеңімпаз атанып отырмыз. Шаңырағымызда 4 қызды тәрбиелеп келеміз. Өнерге жақынбыз әрі салауатты өмір салтын ұстанамыз. Бұл жеңіске жетуге септігін тигізді деп ойлаймын, – дейді Нұрқасым Хасенов.

Енді Хасеновтер әулеті Астанада өтетін республикалық кезеңге қатысады.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz