Жұмысшыларына жалақы төлемеген кәсіпорындарға айыппұл салынды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Жыл басынан бері мемлекеттік еңбек инспекторлары 251 жұмысшының жалпы сомасы 63,2 млн. теңге еңбекақысын ала алмай жүргенін анықтады. Жалақы төлемеген  кәсіпорындарға 2 мың АЕК көлемінде  айыппұл салынды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

СҚО мемлекеттік еңбек инспекциясының мәліметінше, өткен жылы «КазСтройТрейд» серіктестігіне жоспардан тыс тексеру өткізді. Тексеріс   кезінде серіктестіктің 61 жұмысшының алдында 33 млн. теңге қарызы бары белгілі болды. Ондағы қызметкерлер 2023 жылдың шілдесінен қыркүйегіне дейін толық айлық алмаған. Соттың шешімен серіктестікке қатысты әкімшілік жаза белгіленді. Ғабит Мүсірепов атындағы аудандық полиция бөлімінің сотқа жолдаған қылмыстық ісі негізінде 200 АЕК көлемінде айыппұл салынды.  Аталған мәселені шешу үшін былтыр және биыл аудандық үшжақты комиссияның отырыстары өтті. Бүгінгі күні серіктестіктің жұмысшылар алдындағы қарызы толық өтелген.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz