СҚО-да Азамат Нұрпейісовты еске алуға арналған турнир өтуде

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Петропавлда кикбоксингтен халықаралық дәрежедегі спорт шебері Азамат Нұрпейісовты еске алуға арналған қоян қолтық ұрыстан республикалық командалық турнир өтіп жатыр. 3 күнге созылатын жарыс 10 салмақ дәрежесі бойынша өтуде, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.

Азамат Нұрпейісов – кикбоксингтен халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Азия және әлем чемпионатының күміс медальдарының иегері. Қамшының сабындай қысқа ғана ғұмырында спортшы елеулі із қалдырып, спорт сүйер қауымның жадында қалды. Биыл кикбоксшыны еске алуға арналған турнир қоян-қолтықтан ұрыстан турнир өз жалауын көтерді. Бұл жарыс облыс орталығында 2016 жылдан бері ұйымдастырылып келеді.

– Жарысқа 70-ке тарта спортшы қатысуда. 7 команда 10 салмақ дәрежесі бойынша бақ сынайды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлердің есімдері шілденің 25-сі күні белгілі болмақ, — дейді МАҚСАТ НҮСІПОВ, ҚР ҰҰА дене шынықтыру даярлығы және спорт кафедрасы бастығының міндетін атқарушы Мақсат Нүсіпов.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz