Сепаратист әйел 3 жылға сотталды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Мамлют ауданының тұрғыны, 4 баласы бар Л. есімді әйел әлеуметтік желінің тікелей эфирінде сепаратистік көзқарасын білдіріп, елдің тұтастығына қауіп тудырғаны және ұлтаралық алауыздықты қоздырғаны үшін сотталды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.

Облыстық соттың мәліметінше, Мамлют аудандық соты Л.-ға Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 180-бабы 2-бөлігі  –  «Телекоммуникация желілерін пайдалана отырып, Қазақстанның біртұтастығын, оның аумағына қол сұғылмауын және бөлінбеуін бұзуды насихаттау» бойынша қылмыстық істі қарады.

Л. биыл наурыз айының басында «Tik-Tok» әлеуметтік желісіне ұялы телефон арқылы кіріп, белгісіз ер адаммен тікелей байланысқа шыққан. Диалог барысында ол Солтүстік Қазақстанның Ресейге қосылуы және Қазақстанның жекелеген бөліктерінің Ресей аумағына тарихи қатыстылығы туралы ойын айтып, Солтүстік Қазақстанның, соның ішінде Петропавлдың тарихи түрде Ресейдің әкімшілік-аумақтық бөлінісінің бірлігі екендігін  ашық айтты. Сондай-ақ Ресей әскерлерінің Қазақстан аумағына қарулы басып кіруін қолдайтындығын жеткізген. Прокурор Л.-ны 6 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады. Айыпталушы кінәсін мойындады.

 

Нәтижесінде аудандық сот Л.-ның шын жүректен өкінуін және төрт жас баласының болуын, күйеуінің мүгедектігі барын ескерді. Мұны оның жазасын жеңілдететін жағдай ретінде қарап, осы бап бойынша ең төмен  –   3 жылға бас бостандығынан айыру жазасына  кесті. Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz