Ущев көшесіндегі бөгетті қалыпқа келтіруге 42 млн. теңге бөлінеді

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Биыл Петропавлда су тасқынынан қираған бөгеттер қалып келтіріледі. Мұны қала әкімі Серік Мұхамедиев қалалық мәслихат депутаттарының кезекті сессиясында айтты, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Петропавл қаласының әкімі Серік Мұхамедиев қалалық мәслихат сессиясында қорғаныс қоршауларын қалпына келтіруге резервтен қажетті қаражат бөлінгенін хабарлады.

– Бізде Ущев көшесіндегі бөгетте зақым келген төрт орын бар. Бүгінгі таңда облыс басшылығы оларды қалпына келтіру үшін резервтен 42 млн. теңге бөлуді жоспарлап отыр. Қазіргі уақытта ақ балшық алынатын карьерді таптық. Онда белгіленген компаниялар жұмыс істейтін болады. Олар бөгеттердегі саңлауларды бітейді. Жаңа көрсеткіштер бойынша Ущев көшесіндегі дамбаны қайтадан жобалайтын боламыз. Егер бәрі ойдағыдай болса, келесі жылы Үкіметтен қосымша қаражат сұратамыз, — деді Серік Мұхамедиев.

Жиында қала әкімі Заречный кентіндегі бөгет те қалыпқа келтірілетінін айтты. Бұған қоса, Былғары зауыты шағынауданында да бөгет нығайтылатын болады.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz