Солтүстікқазақстандық конькиші алғаш рет Бейжіңдегі олимпиада ойындарына қатысты

Авторы: Qyzyljar News

Солтүстікқазақстандық Иван Аржаников Бейжіңдегі Олимпиадада конькимен сырғанау спорты бойынша ерлер арасында бақ сынады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Ақпанның 12-сі күні 500 м қашықтықта сынға түскен жерлесіміз сайыс қорытындысы бойынша 28-ші орынға тұрақтады.

-Жарысқа дайындығымыз жақсы болды. Жеңіске жету үшін қолдан келгеннің барлығын жасадық. Өкінішке қарай, бар мүмкіндігімді көрсете алмадым. Бірақ, сайыс өзіме ұнады. Бұл менің Олимпиада ойындарына алғаш қатысуым. Орын алмағаныма қарамастан, өзімнің көрсеткен нәтижеме көңілім толады,-деді спортшы.

Енді Иван Аржаников пен Денис Кузин 18-ақпан күні 1000 метрлік қашықтықта күш сынасады.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz